Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның сегіз облысында дауылдық ескерту жарияланды

Қазақстанның сегіз облысында дауылдық ескерту жарияланды

22 қараша күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с мен 25 м/с-ге дейін жетуі мүмкін.


Ал Астанада 22 қараша күні тұман, көктайғақ, 23-24 қараша күндері бұрқасын күтіледі.

Сондай-ақ 24 қараша күні Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында жауын-шашын күтіледі.

Аталмыш өңірлердің кей аймағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, жерлерде 30 м/с-ге жетеді.

NUR.KZ​​​
22 қараша 2018 ж. 878 0