Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында мал басы артып келеді

Қызылорда облысында мал басы артып келеді

Қызылорда облысында мал басы біршама артқан, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі көрсеткіш бойынша 415,1 мың бас мүйізді ірі қара, 860,1 мың бас қой мен ешкі, 207,2 мың бас жылқы, 61,6 мың бас түйе және 124,7 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 8,3 пайызға, қой мен ешкі 4,3 пайызға, жылқы 17,3 пайызға, түйе 7,1 пайызға, құс 2,8 пайызға көбейген.

Жыл басынан бері тірі салмақта 23,9 мың тонна ет, 58,9 мың тонна сүт және 5005,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың 8 айдағы көрсеткішімен салыстырғанда ет өндірісі 1,9 пайызға, сүт өндірісі 1,1 пайызға және жұмыртқа өндірісі 2,7 пайызға артты.

Аймақта мал азығын дайындау жұмыстары бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарында ескі жоңышқаның 2 орымы аяқталып, 3 орымы жүруде. Бүгінгі күнге дейін 244,3 мың тонна шөп дайындалып, орта өнім гектарына 57,8 центнерден айналды.

Қазіргі таңда, 24,1 мың гектар жаңа жоңышқаның орылған 23,9 мың гектарынан 22,9 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып отыр. Орта өнімі гектарына 9,8 центнер.

Сонымен қатар, биылғы жылы егілген 358 гектар қант құмайының 338 гектары жиналып, 1,6 мың тонна өнім алынды. Мұнда орта өнімі гектарына 47,1 центнер алынды.

Бүгінгі күні өңірде мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

kyzylorda-news.kz
05 қазан 2022 ж. 332 0