Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау аясында кәсіпкерлікті қолдау тұстары түсіндірілді

Жолдау аясында кәсіпкерлікті қолдау тұстары түсіндірілді

Ақпараттық -насихаттық топ бүгін Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлының Жолдауы төңірегінде кәсіпкерлік саласы бойынша туындаған сұрақтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Президент Жолдауда "Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық", дей келе, нақты тапсырмалар берген болатын. Осы орайда ақпараттық насихаттық топ кәсіпкерлік саласының дамуына Жолдауда аса мән берілгенін туралы ақпар берді.
"Толқын" ақпарат
05 қазан 2022 ж. 414 0