Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – болашаққа айқын бағдар

Жолдау – болашаққа айқын бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады.
Жолдау барлық бағытты қамтыды. Атап өтетін болсақ:
- салық саласындағы реформа;
- балаларға арналған ұлттық қор яғни ұлттық банктың кірісінен 50 пайызы кәмелетке жасқа толмаған балалардың жеке шоттарына аударылып отырады;
- мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда;
- 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепке оқуына жағдай жасалады. Бұл үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеді.
- 2023 жылдың алғашқы жартысында Парламент сайлауы өтетін болды.
- Шетелден дарынды жандарды елге тарту қажет, әсіресе шығармашылық пен кәсіпкерлік салада жетістікке жеткен азаматтарды шақыру керек. Шетел кәсіпкерлері 10 жылға виза рәсімдеп, елімізде тұра алады, бірақ олар экономикаға 300 мың доллардан астам инвестиция салу қажет
- Президент биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Президент Жолдауын тұтастай еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және жолы деп білемін.
Марат АҢДЫЗБАЕВ,
"Бөген" БПҰ төрағасы

06 қазан 2022 ж. 305 0