Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау халық көңілінен шықты

Жолдау халық көңілінен шықты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйек күні «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет екенін атап айтып, биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген.
Мемлекет басшысы президенттік мандатты қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Сондай-ақ, Президент сайлауға баруға дайын екенін де жеткізген болатын.

2022 жылғы 21 қыркүйегіндегі жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалды. Тиісті заңды таяуда Парламент қабылдап, Қ.Тоқаев қол қойды.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды сайлау ашық өтетіндігіне сендірді. Сонымен қатар, отандастарымызға жауапкершілікті көрсетуге, демократияның, заңдылық пен тәртіптің шын ықыласына ие болуға, халқымыздың бірлігін көрсетуге шақырды.

Бұл науқан қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан геосаяси күрделі ахуал заманында жақсы септігін тигізері анық. Еліміздің экономикасын тұрақты дамытуда, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның жаңа жолын, келер күндерін нұрлы белеске жетелейді.

"Қарақұм" БПҰ төрайымы
ЖАНГУШИКОВА ШАРБАНУ БАЙДИЛЬДАЕВНА

03 қазан 2022 ж. 513 0