Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Егемен елдің еңсесі биік

Егемен елдің еңсесі биік

Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір күн немесе бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан жаңа реформалы мемлекетке айналатынын, парламент пен мәслихаттар жұмысы жүйеленетінін атап өтті. Сондай-ақ, Президент сот жүйесін жаңартып, реформалау қажеттігін қадап айтты. Және де құқық саласында адал, әділетті әрі жемқорлықтан ада мамандарды тартып, халықтың сеніміне ие болу тұсын басты назарға алу керектігін тілге тиек етті.Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады. Жолдауда айқындалған бағыттар өңіріміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ең бастысы - еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат.Сондықтанда қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, зор ынтамен іске кірісуіміз қажет.Ендеше елдің ертеңіне алаңдаған ел президентінің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуында біз де бірлесе атсалысайық!

Аудандық мәслихат депутаты Д.Мадинов

14 қазан 2022 ж. 449 0