Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Донорлық – көп өмірді құтқара алатын асыл, ерікті іс

Донорлық – көп өмірді құтқара алатын асыл, ерікті іс

Дүние жүзінің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде кем дегенде бір рет қан құйдыруға мәжбүр болады екен.Сондықтан да қазіргі күні донорлардың көп әрі белсенді болғаны өте маңызды.
Жалпы күрделі хирургиялық ота кезінде,ауыр жарақат алған жағдайларда, оның ішінде көп қан жоғалту, ауыр дәрежедегі күйік шалған сәттерде,кейбір қан ауруларында(лейкоз,гемофилия және т.б.) қан құю өте қажет болуы мүмкін. Жыл сайын қан және қанның өнімдерін құюдың арқасында дүниежүзі бойынша өміріне қауіп-қатер төнген мыңдаған адамдардың өмірін ұзартып,миллиондаған жанның өмірін сақтап қалуда.Алайда ДүниежүзілікДенсаулық СақтауҰйымының деректері бойыншакөптеген елдердің қан қызметінде сапалы және қауіпсіз қажетті қан қорымен қамтамасыз ету мәселесі туындап,сұраныс артуда.Осыған орай,дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022жылы барлық елдерде ерікті,өтеусіз донорлар арқылы қанның барлық қорымен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда.
Жалпы,қан тапсырған адамның қан айналымы және иммундық жүйесі жақсарып,түрлі ауруларға сирек шалдығатын болады.Қан тапсыруға белгілі қағидаға сәйкес 18 жастан асқан әрі салмағы 50келіден жоғары болатын дені сау, бұрын қандай да бір жұқпалы аурулармен ауырмаған азамат қан тапсыра алады. Ғылым-білім қаншалықты қарыштап дамыса да, адам қанын алмастыратын дәрілік препарат әлі табылған жоқ. Қан тапсырар күннің алдында кешкісін майлы, қуырылған, ащы және қақталған тағамдарды жемеген жөн.Сондай-ақ, қан тапсырғанға дейін екі тәулік бойы алкогольдік сусындардан бас тартқаны дұрыс. Біздің облыста қан тапсыру облыстық қан орталығында жүргізіледі. Облыстық қан орталығы облыстық медицина орталығының ғимаратында орналасқан.
Адамдарды донор болуға мәжбүрлеуге болмайды, бұл бүкіл әлемде ерікті түрде жүргізіледі. Көптеген елдерде азаматтық жауапкершіліктің деңгейі сол, адамдар өз отандастарына көмектесуді өздерінің азаматтық борышымыз деп есептейді. Ал біздерге неге солай жасамасқа?!Сондықтан сіздерді ерікті донор болуға, әсіресе жастарды, денсаулыққа бірегей үлес қосып, басқаның өмірін сақтап қалуға, ұзартуға шақырамыз. Барлық донорларға адам өмірін, адамгершілік пен жомарттықты сақтауға, адамдарға өмір үмітін сыйлауға дайын болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Серік Сералиев,
«Арал ауданаралық ауруханасы»
ШЖҚ КМК трансфузиолог-дәрігері
16 қазан 2022 ж. 287 0