Жемқорлықтың жолын кесу маңызды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы бұлдерттің дамуға ұмтылған қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін, кез келген саланы тұралатып, қарапайым халықтың тең құқылы, дербес өркендеуін тежейтін қатер екенін баса көрсетеді.
Талай тарих қордаланған сыбайлас жемқорлықтың кесірінен біраз елдердің, кейбір мемлекеттің іріп-шіріп кеткенін түрлі мысалдар мен біздің алдымызға тартуда. Қарапайым халықтың есебінен, өздерінің жеке басмүдделерін көздеу, қызмет бабын пайдаланып жемқорлыққа бару дамыған немесе дамушы елдердің ұстанымына сәйкеспейді. Өкінішке қарай, біздің елде бұл індетті айналып өте алған жоқ. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні бəрімізді алаңдатады. Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе екені айқын. Жемқорлық қылмыстарға қатысты қатаң жаза мен жан-жақты бақылау қылмысты әшкерелеу тетіктерін дамытты. Ортақ ұжымдық күрес нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты көптеген ірі оқиғалар анықталып, біраз шенді, лауазымды азаматтар істі болды. Мемлекет қаржысын талан-таражға салу фактілері бойынша қозғалған шулы сот процесстері қазынаға мемлекеттің ірі көлемдегі көптеген қаражатын кері қайтарды. Бүгінгі таңда жемқорлық заң бұзушылық дерек-фактілері болған жағдайда азаматтар құқық қорғау орындарына, сыбайлас жемқорлықпен күрес орталықтарына тегін call - центрлер арқылы хабарлай алатын мүмкіндіктер жасалды. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-кедейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болды. Заң бойынша, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске атсалысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Егерде қажеттіліктер туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске атсалысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдіктер бередінемесе оның қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, кезкелген тұлға жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, оған да әртүрлі заң жүзінде жауапкершіліктер қарастырылған. Дамыған, гүлденген барлық азаматтық қоғам өзінің өмір сүріп отырған ортасын түрлі заңсыздықтар мен сыбайлас жемқорлықтан сақтауға тиіс. Сонда ғана ол өзі өмір сүріп отырған ортаға, мемлекетіне өз үлесін қосады.
Қ.Арғынғазиев,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің
«Арал аудандық архиві» филиалының 2-санатты архивисі