Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтықұдықтан Аралға дейін

Алтықұдықтан Аралға дейін

Қазаққа танымал қаламгер, журналист Дидахмет Әшімханұлы «Ұшы қиырсыз сары дала – туған жер мекені. Сары даланың ұшында сары бел. Сары белдің бауыры – сағым ба, әлде шалқар көл. Табанын тасқа тілдіріп, жанарын жасқа жудырып, маңдайын жел күнсітіп келеді. Таусылмайды сары дала, жеткізбейді туған жер. Мен сүйетін туған жер...» көзі тірісінде елге сағынышын, кіндік қаны тамған жерге деген махаббатын осылай жиі айтып жүреді екен. Мейлі ол кім болмасын, қайда болсын атамекенге қашанда аңсары ауып, кіндігі байланып тұратыны сөзсіз.
Міне, талай перзенттің бақытты мекеніне, талай дарынның өмірлік мектебіне, теңіздің тұрағына айналған айдынды Аралдың ауданының орталығы Арал қаласына биыл 95 жыл толып отыр. Тарихи сәт, ерекше жыл. Аралды арманына қосып келе жатқан талай перзенттің толғайтын, жырлайтын кезі.
«Аралым – айдын шалқарым,
құт-береке қонған жер.
Тарихта қалған таңбасы,
көсем де көңіл бөлген жер», – деп жырлаған кешегі аға буынның бүгінгі ұрпағы туған топырақтың тарихынан қалай тысқары қалсын?! Ендеше осы мерейлі той қарсаңында жалпақ жұртшылыққа Аралдың терең тарихы жайлы тағы бір айта кетсек артық болмас.
Арал қаласының құрылғанына 95 жыл толды десек те, тарихи жазбалар бұл өңірдің ежелден еншісі, таңбасы барын бізге анық жеткізіп отыр. Соларға тоқтала өтсек.
Бізге жеткен деректерден Арал теңізін зерттеу сонау ерте заманнан басталғаны анық аңғарылады. ІХ-Х ғасырлардың өзінде араб ғалымдарыныңАрал туралы мәліметтері құндыболып есептелгеніне мән берсек, өркениет пен өмірдің ерте оянған аумағы екеніне көз жеткіземіз. Шын мәнінде, Аралтеңізі Кайнозой дәуірініңорта шенінде Каспийге қосылып жатқаны жөнінде деректер көп. Ал, тағы бір зерттеулерге сүйенер болсақ, теңіздіңмұхит алабында орналасқандығы алға тартылады. Теңіз маңынан акуланың тісі, сүйектері табылғанына қарағанда бұл да бұлтартпас айғақ. Бұл теңіздің тарихы жайлы аз ғана дерек. Аралдың осы уақытқа дейін қалай аталғаны жайлы көпшілік біле бермейді.
Шындығында, көне замандағы Ибн-Хордабех өз жазбасында «Күдері көлі»деген жазбаны жолықтыра алсақ, араб географы «Хорезм көлі» деп көрсеткен, тағы бір атауы «Окс» көлі аталған деректер бар. Ал осындай атауларға не себепті ие болғаны әлі күнге құпиясы толық ашылмаған. Алғашқы көлемді мәліметтер жазылған «Үлкен сызу кітабы» мен қазіргі Ресей мемлекетінің 1627 жылғы картасына толық көлемді кіруі. Соңғы екеуінде картада «Көктеңіз» деген атпен белгіленген. Бұл Арал теңізінің атаулары жайлы мәліметтер.
Ал қаланың атауы 1905 жылы «Алтықұдық» деп аталатынкішкене қыстақ негізіндежария бола бастады. Десе де, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бұл қыстақ қалаға айналды. Нақтырақ айтар болсақ, 1938 жылы «Алтықұдық» деп аталатын қалаға «Арал»атауы берілді. Осы атаумен Кеңес Одағы қатарындағы 15 елге мәлім болуына Поволжье халқын аштықтан құтқаруы болды десек қателескендік бола қоймас. Сол кезеңде ел басқарған Лениннің ықыласы ауып, Арал дами бастады.
Бұл тәуелсіздікке қол жеткізбестен бұрын болған оқиғалардың өрісі. Ал, аңсаған азаттыққа ие болған кезеңдегі кешенді жұмыстар мен қарқынды даму біздің көз алдымызда. Аңқасы кепкен Арал теңізінің арнасы толар күн де алыс емес екенін сеземін.
Бүгінгі күн – кешегі тарих. Атауы сан рет ауысса да, келешегіміз мәңгілік болып, тарихымыздың желісі үзілмесін деймін.
Әдемі  ҚУАНДЫҚОВА
18 қазан 2022 ж. 472 0