Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихы терең Аралым

Тарихы терең Аралым

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт  білмесе, кім білсін? Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Бұл  қазақтың көрнекті қаламгері Ж.Аймауытовтың атамекен, туған жер жайындағы толқыныспен жеткізген сөзі. Осы бір ауыздың өзі адам бойындағы кіндік қаны тамған жерге деген мөлдір махаббаттың боямасыз көрініс, тіпті десеңіз туған жер ұғымына берілген анықтама дер едім.
Менің де жүрегімде кіршіксіз махаббатыма айналған бір мекен бар. Қатпар-қатпар даласында том-том тарих жатқан бұл өңірдің әрбір топырағын алтынға айырбастамас атамекеннің қадірін түсіну үшін, оның тарихын терең ұғынып, өткені мен бүгінін бағалай білу адамзаттың парызы. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарап, келер күнді күдікпен емес, үмітпен сенген нұрлы болашақпен елестете аламыз.
Иә, тарихы терең Аралдың бір кездері шағаласы шаңқылдап, толқыны тасқа соққан келбеті мен кейінгі қасірет көзден көрмесем де, жүрекпен сезінемін. Себебі, жүректен мәңгілік өшпейтін өлкенің өткенін ешкім жоққа шығара алмайды. 
Қасиетті Арал өңірінде аузы дуалы ақын-жазушылар,  күміс көмей әнші-жыршылар туған. Солардың әрбірінің ұранына айналып, артында Аралдың зор мәртебесі мен киесін танытатын өскірмес естеліктердің қалғанына Әбілхан Махановтың:
«Аралым – айдын шалқарым,
құт-береке қонған жер.
Тарихта қалған  таңбасы,
көсем де көңіл бөлген жер»,- деген жыры куә болары даусыз.
Міне, осындай азаматтардың артында қалған ұрпағы Аралдың тарихын сөз етпеуі мүмкін бе?! Мен де, кешегі аға буынның ізімен туған топырағымның тереңіне үңілуді жөн санадым.
Бізге көптеген жазбалардан жеткен Арал теңізін зерттеу  сонау ерте заманнан басталған анық. ІХ-Х ғасырлардың өзінде араб ғалымдарыныңАрал туралы  мәліметтері  құндыболып есептелгеніне мән берсек, өркениет пен өмірдің ерте оянған аумағы екеніне көз жеткіземіз. Шын мәнінде, Аралтеңізі  Кайнозой  дәуірініңорта шенінде  Каспийге  қосылып жатқаны жөнінде деректер көп. Ал, тағы бір зерттеулерге сүйенер болсақ, теңіздіңмұхит алабында орналасқандығын алға тартылады. Теңіз маңынан акуланың тісі, сүйектері табылғанына қарағанда бұл да бұлтартпас айғақ. Бұл теңіздің тарихы жайлы аз ғана дерек. Бірақ, менің айтпағым Аралдың ежелгі және қазіргі атаулары жайында болмақ.
Рас, Арал  теңізінің ежелде көптеген атаулары болған. Көне замандағы Ибн-Хордабех өз жазбасында «Күдері  көлі»десе, Араб  географы «Хорезм көлі»  деп көрсеткен. Тағы бір атауы «Окс» көлі  аталған. Ал осындай  атауларға не себепті ие болғаны  әлі күнге құпиясы толық ашылмаған дерек. Алғашқы көлемді мәліметтер жазылған «Үлкен сызу кітабы» мен қазіргі Ресей мемлекетінің 1627 жылғы картасына толық көлемді кіруі. Соңғы екеуінде картада «Көктеңіз» деген атпен белгіленген.
Археологиялық деректерде біздің заманға дейінгі кезеңдерден-ақ адамдардың қонысына айналған аумақ болғанымен Арал қаласының іргесі 1900 жылдан бастап қаланған. Сол кездері ешқандай атауға ие болмағанымен, 1905  жылы «Алтықұдық»  деп аталатынкішкене  қыстақ  негізіндежария бола бастады. Десе де, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін  қалаға айналды. Нақтырақ айтар болсақ, 1938 жылы «Алтықұдық» деп аталатын қалаға «Арал»атауы берілді. Осы атаумен Кеңес Одағы қатарындағы 15 елге мәлім болуына Поволжье халқын аштықтан құтқаруы болды десек қателескендік бола қоймас. Сол кезеңде ел басқарған Лениннің ықыласы ауып, Арал дами бастады.
Бұл тәуелсіздікке қол жеткізбестен бұрын болған оқиғалардың өрісі. Ал, аңсаған азаттыққа ие болған кезеңдегі кешенді жұмыстар мен қарқынды даму біздің көз алдымызда. Аңқасы кепкен Арал теңізінің арнасы толар күн де алыс емес екенін сеземін.
Бүгінгі күн – кешегі тарих. Атауы сан рет ауысса да келешегіміз мәңгілік болып, тарихымыздың желісі үзілмесін деймін.

Әсел АСЫЛБЕК,
№220 орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
04 сәуір 2019 ж. 2 185 0