Патриотизм партадан басталады

-Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті,-деген еді.
Байқап қарасақ, асты мен үсті байлыққа толы туған жеріміздің қадірін жете бағалай алмай жүргендейміз. Қалай десек те, табиғатымыздың таза, көзге түсер қоғамдық орындардың келісті болғанын қалаймыз біздер. Себебі, туған жер, Отан біздің әркез анамыз болып қала бермек. Ал, сол ананы құрметтеп, қастерлеу бізге парыз.
Гүлсім Ильясова,
кешкі мектеп мұғалімі.
кешкі мектеп мұғалімі.