Жайнай бер Аралым!

Аралым – жүрек түкпірімде сақталған махаббатым. Туған жердің перзенті ретінде ақындық жырымды да, сазгер ретінде күйімді де, журналист ретінде очерктерімді де туған өлкеме арнап келемін. Қала көз алдымызда өсіп-өркендеп, заман ағымына сай жаңаша сипат алып көркейіп келеді. Сонау бір жылдары 10 жыл қатарынан 10 кітапты туған жердің проблемасы мен ерекше құндылықтарына арнап шығардық. Содан бері де Аралда көптеген оң өзгерістер болды. Қаланың инфрақұрылымы да қарқынды дамуда. Жолдарымыз жөнделіп, көшелерге жарықшамдар қойылды. Тәуелсіздік, рәміздер алаңдары қаланың рухани келбетін аша түсті. Ал көзге ыстық, өткен күннің белгісі болып сақталған ескі ғимараттар тым әріден басталатын тарихымыздың жәдігері ретінде қаланың әр қиырында сақталуы жүрекке жылылық ұялатады.
Міне, биыл Арал қаласына 95 жыл толып отыр. Бұл ғасырлық уақытта қала басынан талай сындарлы жылдарды өткерді. Сонда да болса облыс көлеміндегі айдынды өлке ретіндегі өзінің орнын жоймай, күннен-күнге құлпырып келеді. Жасай бер, жайна – Аралым!
Жұмабай ЖАҚЫП,
«Арал ауданының құрметті азаматы»,
«ҚР-ның Құрметті журналисті»