Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев кредит мәселесі бойынша ұсынысын жариялайды

Тоқаев кредит мәселесі бойынша ұсынысын жариялайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды мәселенің біріне тоқталып, таяуда ұсынысын жариялайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталған еді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы тұру керегін айтқаны хабарланған болатын.
20 қазан 2022 ж. 304 0