Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пробация есебіндегі тұлғалар басты назарда

Пробация есебіндегі тұлғалар басты назарда

Арал ауданы прокуратурасының үйлестіруімен пробация есебіндегі тұлғалардың тізімі жаңартылып, тиісті бағытта жұмыстар атқарылуда.
Жаза өтеушілердің психологиялық және әлеуметтік жағдайлары қайта зерттеліп, бағдаршам қағидасымен келесі санаттарға бөлдік.
Қызыл санатқа (тұрмыстық деңгейі төмен, қылмыс жасауы тәуекел жоғары) - 1, сары санатқа (тұрмыстық деңгейі орташа, қылмыс жасауы тәуекел де орташа) - 46, жасыл санатқа (тұрмыстық деңгейі жақсы, қылмыс жасауы тәуекелі төмен) - 20 тұлға енгізілді, барлығы 67 сотталған есепте бар.
Аудандық прокуратураның бастамасымен полиция және пробация қызметкерлері бірлесіп есептегілердің тұрғылықты мекен жайларына апта сайын бару арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде.
Әрбір бақылаудағы тұлғаға қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық жасамау, сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындау қажеттігі түсіндірілді. Егер бұл талаптар орындалмаса, қатаң шаралар қолданылатындығы ескертілді.
Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» акциясы аясында жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде есептегілердің 8-і жұмыссыз ретінде алынып, оның 4-уі тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Осымен бірге есептегі тұлғалардың қатысуымен спорт шаралары және кездесулер өткізіліп, кеңінен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ облыстық прокуратурамен әзірленген пробация есебіндегі тұлғалармен қайта қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау бағытындағы бейнежазбасы есептегі тұлғалардың қатысуымен көрсетілім қойылды.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жазасын өтеп жүргендердің қайта қылмыс жасауын болдырмау және оларға заңда белгіленген қолдау көрсету.
Пробациялық бақылаудағы тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.
С. Жетпісбаев,
Арал аудандық прокуратурасының прокуроры
23 қазан 2022 ж. 252 0