Шаһарға сән берген нысан

Сауда үйінің ашылу рәсіміне аудан әкімімен бірге Мемлекет және қоғам қайраткері Алашыбай Баймырзаев және Арал ауданының Құрметті азаматы Әбілбай Садықбаев, аудан ардагерлері, сала басшылары қатысты. Алдымен Республика күні және Арал қаласының 95 жылдық мерейтойынен құттықтаған аудан әкімі С.Сермағамбетов аудандағы кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Бұл сауда орталығының ашылуы сауда саласындағы мәдениетті қалыптастырудың негізі деп түсіну керек. Қазір заман ағымына сай жылжудамыз. Халық өз қажетін таза ыңғайлы жерден алғысы келеді. Кәсіпкерліктің дамуы – аудан халқының әл-ауқатының артқандығының дәлелі. Биылдың өзінде 71 кәсіпкерлік жоба несиелендірілді, 268 азамат қайтарымсыз грант жеңіп алды, – деді аудан басшысы.
«Million plaza»деп аталатын сауда үйін жеке кәсіпкер Айжан Төремұратова ашып отыр. Сауда орталғында 50 сауда нүктесі бар. Негізінен киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар, балалар ойыншығы тектес тауарлар сатылуда.
Ашылу салтанатында сауда орталығының лентасы қиылып, шараға жиылғандар орталықтың ішін аралап көрді. Кәсіпкерлерге берекелі сауда болсын деп ақ тілектерін арнады.
Н. БАҚЫРАН