"Ақлақ" су тоспасы жөндеуден өтті

Айта кетейік, «Ақлақ» су тоспасы 2003 жылы салынған. Қыс-көктем мезгілінде мұз жүру әсерінен салынған 9 мұзжарғыштың 5-еуі құлап, су астына кеткен еді. 2021 жылы жүргізілген тексерістер нәтижесінде су тоспасына қосымша жөндеу жұмыстары қажет екендігі анықталған.
Соған сәйкес, стратегиялық маңызы бар нысанды қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар қолға алынды. Нәтижесінде, бірнеше айға созылған ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгін аяқталып, бөгетке төнген қауіп толығымен сейілді.
