Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі Ақлақ су тоспасының жағдайымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Ақлақ су тоспасының жағдайымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданындағы жұмыс сапарында Қаратерең елді мекеніне қарасты Ақлақ су тоспасына барып, жағдайды бақылады.
Алдымен аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Су тоспасының жағдайымен танысқан облыс әкімі өткен аптада Мәжілістегі Парламенттік тыңдауда депутаттардың назарына су шаруашалығының өзекті проблемалары мен Арал теңізінің қазіргі ахуалын көтергенін айтып, алдағы уақытта нақты қолдау шараларының болатынын жеткізді.
2003 жылы салынған Ақлақ су тоспаның қыс-көктем мезгілінде мұз жүру әсерінен салынған 9 мұзжарғыштың 5-і құлап, су астына кеткен. 2021 жылы «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы мен Қызылорда обылысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп су асты визуалды тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, мұзжарғыштардың ойылып, сумен шайылғандығы анықталған.
Су тоспасының жағдайымен танысқан аймақ басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсымалар жүктеп, нысанның су өткізу жағдайын реттеуді міндеттеді.
kyzylorda-news.kz
24 маусым 2022 ж. 457 0