Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев: Арал теңізінің жағдайын сауықтыруға ерекше назар аударуды сұраймыз

Нұрлыбек Нәлібаев: Арал теңізінің жағдайын сауықтыруға ерекше назар аударуды сұраймыз

Бүгін Мәжілістегі парламенттік тыңдауда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал теңізінің проблемасын көтерді.
«Қазіргі уақытта Арал теңізінің жағдайы бәрімізді алаңдатуда. Аралға судың түсуі қалдық принципі бойынша жүзеге асырылады. Соңғы 12 жылда Арал теңізінің суы 7 млрд. кубқа азайып кеткен. Теңіз өз жағасынан 15-20 метрге дейін тартылды. Өткен жылы Арал теңізіне келісілген су көлемінің 15,6 пайызы ғана түсті. Осы орайда Арал теңізінің жағдайын сауықтыруға ерекше назар аударуды және Сыр өңірінде суды бөлу, есепке алуды автоматтандыруды, сонымен қатар суару жүйелерін қайта жаңғырту жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етулеріңізді сұраймыз», – деді облыс әкімі.

kyzylorda-news.kz​​​
17 маусым 2022 ж. 573 0