Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жариялады."Ертең, 27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент қаласында 27 қарашада кей уақытта тұман, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді", — деп ескертті синоптиктер.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысы аумағының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

sputniknews.kz
27 қараша 2018 ж. 798 0