Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келіндер байқауы өтті

Келіндер байқауы өтті

Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінде «Үлгілі келін – 2022» аудандық байқау өткізілді.
Аталмыш байқауда Арал қаласы, Сексеуіл кенті мен ауылдық округтерден 11 талапкер қатысып, бақ сынасты.
Қазақтың инабатты да ибалы келіндерінің үздігін анықтау, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында өткізілген сайыс үш кезеңнен тұрды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Шөмішкөл ауылынан келген Алтынгүл Әділханова иеленсе, бірінші орын Лаура Жақсыбаеваға бұйырды.
Сонымен қатар жарыстың екінші орын жүлдесін Балкенже Дарибаева мен Айкерім Жұбаназарова, Зәмзам Имамғазиева өзара бөлісті.
Мұнымен қатар үздік үштікті Мадина Жамалова мен Айдана Рахметалиева, Гүлсара Букешова түйіндеді.
Мұнымен қоса сайыстың ынталандыру жүлдесін Ақмарал Алтаева, Салтанат Демессінова, Гүлім Бұқарбаева қанжығалады.
     – Жалпы «қазақ қызы», «қазақ келіні» деген атақтар халқымыз үшін өте киелі. Бүгінгі байқаудың шарты да көпшілікке соны түсіндіру, салт-дәстүрімізді жаңғырту десек артық айтқандық. Аталмыш байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Барлық үміткерлер де «Үздік келін» деген атауға расымен де ие, – дейді сайысты ұйымдастырушылардың бірі «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Жүгінісова.
Барша жүлдегерлер мен қатысушыларға аудандық ішкі саясат бөлімі тағайындаған сый-сияпаттар мен дипломдар табыс етілді.
"Толқын" ақпарат



31 қазан 2022 ж. 459 0