Сайлау-2022: Әр адамның таңдауы маңызды

Сайлаудың, елімізден тыс сыртқы саяси, орнықсыз ахуалдардың ушығып, соның әсерінен ел экономикасының индикаторы тұрақсызданып тұрған қиын кезеңде өткізілуіне бей-жай қарауға болмайды.
Ел реформасына айрықша өзгерістермен жаңаша бағыттар әкелетін кезектен тыс өткізілетін сайлаудың маңыздылығын, ерекшелігін, қажеттілігін сезінетін әрбір Қазақстан азаматы дауыс беруі тиіс.
Еліміздің іргелі елдер қатарында болуы, экономиканың өсуі, жаңаша дамуы, азаматтарына бақыт сыйлайтын мемелекет қалыптасуы үшін баршаңызды Президент сайлауына түгел қатысуға шақырамын!
Арал аудандық мәслихат депутаты,
жеке кәсіпкер