«Арманым көп еді..»: Алып қашу айып па, дәстүр ме?!
«Әр елдің салты басқа»-демекші, әлемнің түкпір-түкпірінде сан мыңдаған салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар жетерлік. Соның ішінде қыз балаларға ғана тән тұрмысқа шығу салты бар. Иә, «Қыз мұраты кету» деген тәмсілді берік ұстанған қазақ халқы ертеден қыз баласының тәрбиесіне аса мән беріп, оны қонақ деп сыйлай білген. Шаңырақ басында қыздың жүріп-тұруы мен сөйлеуіне назар аударған. Кейін қызын ұядан ұшыратын халқымыздың дәсүрін орындайтын. Бүгінгі күні қызды қияға қондыру дәстүрі қаншалықты орындалып жүр? Мұнан өзге таңдаусыз немесе еркінен тыс кетіп жатқан қаракөздеріміз бар ма? Осы сынды сауалдар бүгінгі қоғамның көнермес қағидасына айналып отыр.Иә, қызды ұзатып салу әр ата-ана үшін үлкен бақыт екені белгілі. Қыз бала бойжете келе анасы оны ұядан ұшыруға әу бастан дайындалады. Яғни, «қыз жасауын» жинауға кіріседі. Кейін қыз ұзатылмас бұрын оған сырға салу дәстүрі орындалады. Бұл жағдайда жігіт жақ ең алдымен қыздың ата-анасының рұқсатын алып, арнайы дәстүрмен келіп сырға тағып кетеді. Мұнан кейін сырға салынған қыздың тәрбиесіне аса мән беріліп, оның іс-әрекетін жіті қадағалайды. Сырға салып кеткен қызды құдалар алып кетуге барғанда «Осы елде біздің алтынымыз бар еді, соған келдік» деп қалыңдықты алтынға теңейтін. Сырға тағудың тағы бір тәлімдік мәні – қыз келін болатынын қыз кезінен біліп, үй шаруасына ерте араласып, үлкен өмірдің заңдарын меңгереді. Ондай қыз болашақта аттаған босағасында үй шаруасына келгенде көп қиналмайтын болады. Кейін ұзатылар шақта қызды алып кетуге келген құдаларға арнайы дастархан жайылып, «құйрық-бауыр» асату салты орындалады.Оны әкелген адам «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңыздар» деп тілек білдіріп, барлық қонақтар мен құдаларға ұсынады. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген мәтел осыдан қалған. Құйрық-бауыр желінген соң құдалар жағы табаққа ырымдап ақша салып, оны табақ әкелген келіндер өзара бөліп алады.Ұзатылатын қыздың басына сәукеле киер сәт те жақындайды. Отауға құда-құдағи тегіс шақырылады, олар көрімдік атайды. Онан соң анасы қызының оң жақтағы үкілі тақиясының орнына сәукеле кигізіп, енесінен байғазы алады. Міне, өз уақытымен орындалатын қыз ұзату салты қазақ халқы үшін өте маңызды орынға ие екені осыдан ақ көрініп тұр.
Бүгінгі күні аталған дәстүріміз орындалып жүр ме? Әрине, орындалып жүр. Дегенмен бойжеткеннің ой-пікірі мен таңдауына қарамай, алып қашып кету операциясы қазақ тұрмысының айқын көрінісіне айналып үлгерді. Бұл үрдіс те ежелден бар. Қазір әр тұлғаның жеке басын қорғайтын заң бар. Алайда «заң ба әлде ұят па?» деп, алып қашудың құрбаны болған жас қыздарымыз да жоқ емес. Кейін босаға аттаған немесе қайтып келген деген жағымсыз атауға қалмас үшін амалсыз қалып жатқан қыздарымыз баршылық.
Иә, мұндай жағдайда қыздарымыз не істеу керектігін білмей, абдырап қалатыны белгілі. Тіпті қаншама көз жасы төгіліп, қарсылық білдіргенімен, үлкен қарияның сөзінен, қала берді өзінен аттап кете алмай жатады. Сол себепті бұл жағдайды маңдайыма жазғаны деп, көніп қалып кояды. Дегенмен кейін отбасылық өмір барысында үлкен қателік жасағанын түсініп жататындар да бар. Бақытты ғұмыр кешіп жатқандары да жоқ емес. Осы тұста ойымызға «Бұл қаншалықты дұрыс? Әр адам өз таңдауын жасап, бақытты болуға лайық емес пе?»-деген сауалдар келеді. Иә, әр адамның құқығы қорғалған елде, заң да бар. Мұндай жағдайда «Адам ұрлау» фактісімен қолға түскен жан 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады екен. Ал егер достарымен топтасып, қызды құрықтаса, жазасы 10 жылдан 15 жылға дейін созылады.
Ендігі кезекте алып қашудың құрбаны болған бойжеткеннің сөзіне назар аударсақ.
– Тойлардың бірінде бір жігітпен танысқан болатынмын. Сөйтіп той біткен соң әлгі жігіт құрбыларыммен бірге үйге әкеп тастады. Содан кейін болар үйді есінде сақтап қалғаны. Күндердің бір күні тойда танысқан әлгі жігіт қоңырау шалып, біздің үй жақтағы жақын маңайда көлігі бұзылып қалғанын айтады. Сонымен бірге маған су алып шығуды өтінеді. Қиындықта көмектесуді ойлаған мен лезде су алып сол маңайға бардым. Көп ұзамай қасындағы жолдасы әйелінің толғағы басталып жатқандығын айтып, тез келуі керектігін айтады. Сол сәтте көлігі де лезде жөнделіп кетеді. Маған бірге жүріп, әлгі босанғалы жатқан әйелдің жанында болуды өтінеді. Сонымен жолға шығып, ауруханаға бет алдық. Уақыт өте қаладан шығып бара жатқанымызды байқадым. Әлгі жігіттерден қайда кетіп бара жатқанымызды сұрадым. Олар болса, мені алып қашып келе жатқанын айтып, ауылы тойға дайындық үстінде екенін жеткізді. Мен оларға жылап әлі тұрмыс құрғым келмейтінін және мұндайды күтпегенімді түсіндірдім. Маған құлақ асып жатқан олар жоқ. Сол сәтте құрбым хабарласып, мені кім және қайда алып қашып келе жатқанын айтып үлгердім. Осы кезде бұл хабар ата-анама жетіп, бара жатқан ауылымызға кіре берісте ата-анам көмектесіп, өздерімен бірге алып қалды. Абырой болғанда өзге үйдің табалдырығын аттап үлгермедім. Осы оқиғадан кейін қатты күйзеліске түсіп, тіпті сыртқа шығуға қорқып қалған болатынмын»-дейді Ажар бойжеткен.
Міне, бұл еркінен тыс басып алып қашу мәселесі. Мұндай ерсілік қазіргі қазақ қоғамнынан тысқары қалып барады. Өйткені заңның қаталдығы кім-кімді де кешірмейді. Бұл ретте арманы мен талғамы мүлде бөлек бойжеткен тағдырын да ойлағанымыз жөн. Сол үшін ұлы ер жетіп, қызы бой жетіп келе жатқан әр ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз. Қыз мұраты кету екен деп, оның тағдыры мен мұраты жайында да ескергеніміз жөн. Дегенмен қыз бен жігіт өзара келісіп, сөз байласқаннан соң алып қашуға болады. Бұл дүниелерді ескермей жалғанды жалпағынан басып жүргендер қаншама десеңізші?! Мұндай жағдайлар көбіне құқықтық сауаттылықтың болмауынан туындап жатады. Сол үшін тәуелсіз елімізде әр адамның жеке басы қорғалғандығын есте сақтап, әрекетімізді де осыған қарап жөндегеніміз дұрыс болар еді.
А.НҰРЛАНОВА