Бала тоңып қалғаннан тұмаурата ма? Дәрігер жауабы

Бала иммунитетін қатайтуға жалпы ұсыныстар мынадай: үйлесімді тамақтану, дұрыс ұйқы, уақытылы вакцина алу, шынықтыру, қысқы спорт түріне немесе бассейнге беру.
«Тоңып қалма, ауырып қаласың» деген сөзді естіген боларсыз? Бірақ көпшілік дәрігер тоңу немесе желде отырып қалу ЖРВИ-дің себебі емес дейді.
«Суықтап қалу өздігінен вирусты жұқпаны шақыра алмайды. Біз алдымен вируспен кездесуіміз керек. Ол шырышты қабыққа түскен болуы керек. Егер ол біздің иммунитетімізбен әрекеттескенде біз кенеттен тоңып қалсақ, жұқпа үлкен ықтималдықпен жүзеге асырылады», - дейді дәрігер-отоларинголог Владимир Коршок.