Аяз және бұрқасын. Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында түнде тұман түсіп, секундына 17-22 метр жел соғады.
Солтүстік Қазақстанда – тұман, бұрқасын, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы осындай, тек 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында кей жерлерде – тұман, жел.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түссе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Павлодар, Маңғыстау облыстарында түнде – тұман.
Ал Астанада ертең қар жауып, ауа температурасы —11-13 градус болады.
Алматыда күн ашық, сынап бағанасы 7-9 градус суықты көрсетеді.
Шымкентте де күн ашық, жылы, ауа температурасы +5+7 градусқа дейін көтеріледі.
sputniknews.kz