"Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы кім болды?
Астаналық 24 жастағы Томирис Кәкімова "Қазақстан аруы-2022" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол халықаралық "Әлем аруы" байқауында ел намысын қорғайды. Сонымен қатар, жеңімпаз 5 миллион теңге мен университетте оқу грантына ие болды.
Қазылар алқасында продюсер Жан Мұқанов, актриса Аружан Жазылбекова, блогер әрі көп балалы ана Дана Есеева және Қазақстанның басқа да танымал тұлғалары болды. Сонымен қатар, қазылар алқасында әнші Светлана Лобода да бой көрсетті.
Байқауға қатысушылардың дефилесін қазақ эстрадасының жұлдыздары Raim, Дастан Оразбековтер, Ninety One тобы сүйемелдесе, әннің премьерасын Луина ұсынды. Мұндай әуен мен сұлулық үйлесімі жұлдызды қонақты бей-жай қалдырмады.
"Осында болу мен үшін үлкен мәртебе, болып жатқандардың барлығына таңданбау мүмкін емес, бағдарлама әдемі әрі сауатты жасалған. Әдетте мұндай шоулар жалықтырып жібереді, бірақ бүгін біз жалықпағанымды айта аламын", - деді Лобода.
Бастапқыда 23 финалисттің ішінен қазылар алқасы 12 қатысушыны таңдады. Олардың арасынан келесі кезеңге бес қатысушы іріктеліп алынды. Сән көрсетілімінен кейін оларды интеллектуалдық сайыс күтіп тұрды, әр қатысушыға бір сұрақ қойылды.
Осыдан кейін қазылар алқасы соңғы бестіктің ішінен әлемдік сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын төрт негізгі қатысушыны таңдады.
"Қазақстан аруы" атағын және "Әлем аруына" жолдаманы астаналық 24 жастағы Томирис Кәкімова иеленді.
"Әлем аруы Қазақстан" тәжі мен "Әлем аруы" байқауы жолдамасын алматылық 19 жастағы Диана Тәшімбаева алды.
"Қазақстан жер аруы" атағын және "Жер аруы" жолдамасын алматылық 19 жастағы Дильназ Тилаева жеңіп алды.
"Қазақстан вице-аруы 2022" атағын қазіргі "Алматы аруы" Томирис Заир иеленді.
"Көрермендер таңдауы" номинациясы бойынша жеңімпазды Республика сарайында болған көрермендер анықтады. Олар QR коды арқылы өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс берді. Нәтижесінде семейлік 18 жастағы Алтынай Ғазизованы халық үздік деп таныды.