Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛ ЕРТЕҢІ СЕНІМДІ ҚОЛДА

ЕЛ ЕРТЕҢІ СЕНІМДІ ҚОЛДА

Сайлау да өтті. Ақ түйенің қарыны жарылды.Халық таңдауы Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа кезекті мәрте түсті. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрған Президенттің баянды бағыты ел ертеңін еңселі ететініне ешкім шүбә келтірмеді.
Бүгінгі , Президентті ұлықтау шарасында жұртшылықтың көзі оған айқын жетті. Мемелекеттік әнұран асқақтай шырқалған соң, Қасым-Жомарт Кемелұлы көк байрағымыздың алдында тізе бүгіп, Ата заңымызды қастерлей салтанатты түрде ант берді. Ұлықтауда адалдық принципіне берік болатынын жеткізген дара тұлға әрбір сөзіне терең мән берді.
Иә, Алатау мен Атырау арасын алып жатқан ұлан-ғайыр даланы тыныштық бесігіне айналдыру екінің-бірінің қолынан келе бермейді. Қазіргідей бар жаһан абдырап тұрған шақта халықаралық деңгейде өзіндік үні бар Президентке кемел келешекті, баянды болашақты сеніп тапсыру ұтырлы шешім екені айтпасада түсінікті. Дүйім елдің алдында берері мол бастамаларымен бөліскен Көшбасшымыздың әр сөзінен Қазақстандықтарға деген шынайы сезім аңғарылды. Ұлтын ұлы істерге жетелеп , өркениет көшіне ілестіруді мұрат тұтатынын атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылғанын сеніммен мәлімдеді.
Ел қуанды, бізде шаттандық!
Абай Елешов,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі
26 қараша 2022 ж. 392 0