БІРЛІК-АЛЫСҚА БАСТАЙДЫ
Мемлекетіміз де, Отанымыз да, халқымыз да бір. Осындай ұстаным ұстаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі өткен сайлауда өзінің бағдарламасын сөз басында айтқан ұранымен ұштастырғаны баршаға мәлім.
Көреген саясаткер, тәжірибелі дипломат тәуелсіз қазақ елін жарқын жолға бастайтынын үнемі айтты. Айтып қана қойған жоқ, сол баянды бастамаларын жүзеге асыруға шындап кірісті.
Иә,бүгінгі Президентті ұлықтау салтанатында Алаш жұрты осыған куә болды. Асқақтаған әнұран шырқалып, Ата заңды қастерлей ұстаған Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев алға қойып отырған мақсаттарын жүзеге асыруға күш салатыны жөнінде ант берді.Бұл салтанатты шараға куә болу менің жүрегімді ерекше толқытты. Президентпен жүзде - жүз қауышудан артық бақыт бар ма?! Шараға елдің игі жақсылары қатысты. Тарихи сәтте тап сол залда болу мен үшін қуаныш.
Басқарушылық қасиеті ерек тұлғаға ел зор сенім артты. Халқымыз үшін тағдырлы шешімдер қабылдай алатын тамаша Көшбасшының қасиет-қабілетін әлем мойындағанын ескерсек, Алаш жұртының келешегі көрікті боларына еш шүбә келтірмейміз. Ендеше, Әділетті Қазақстан құру жолындағы алғашқы қадам ұлтымызды ұлы істерге, толымды тірліктерін бастай бергей!
Талғат Қанатов,
Арал аудандық "Аmanat" партиясының атқарушы хатшысы.