Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТУҒАН ЖЕРІМ, АЛТЫН БЕСІГІМ

ТУҒАН ЖЕРІМ, АЛТЫН БЕСІГІМ

Биыл тұтас бір аймақты аш­тық­тан аман алып қалған Арал балықшыларының еселі ерлігіне тура - 100 жыл толды. Осынау тарихи кезеңге себепші болған, Одақ халық комиссарлары кеңес­інің төрағасы В.Ульяновтың (Лен­ин) өтініш хаты. Онда қысқаша былай делінген: "Арал теңізінің балықшылары, сіздерге бүкіл Повольжені және Приуральенің бір бөлігін аса зор бақытсыздық – бұрын-соңды болып көрмеген аш­тық жайлағаны туралы хабар әри­не жеткен шығар. Сіздер аулаған балықтарыңыздың бір бөлігін аштықтан ісініп кеткен кемпір мен шалдарға, бәрінен де бұрын қыр­ы­лып кетуі мүмкін 7000000 бала­ларға беріңіздер" делінген.1921 жылдары балық аулау­мен айналысатын бірнеше серік­тестіктер құрыла бастаған-ды. Алғашқы серіктестіктер Аманөт­кел, Бөген, Қарашалаң, Қаратер­ең, Ұялы, Ауан, т.б елді-мекендер­де құрылған. Ал, балық аулау кәсіп­орыны - өзіндік тарихы бар кәс­іп. 1901-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолын салу балық шаруашылығының дамуына кең мүмкіндік ашты. Аралға Волга бой­­ынан, Астрахань өңірінен бал­ық ау­лауды, өңдеуді білетін, оны ма­мандық деп иеленген балық­шы­лар келіп қоныстанды. Көшіп келу­шілердің көпшілігі Аманөткел және Бөген елді мекендеріне қон­ыстан­ды. 1904-1910 жылдары Аман­өт­келге бірден оралдық 40 отбасы көшіп келген. Балық кәсібін жақсы меңгерген орыс көпестері жергіл­ікті халықты балық аулаудың қыр-сырына үйретті, екінші жағынан аз мөлшерден жалақы беріп, кәдімгі­дей  қанады. Серіктестіктер кейін­нен бірлесіп 20 жылдардан бастап балық артеліне айналды. Міне, осыдан келіп Аманөткелде 1921 жылы артель, яғни үлкен балық қаб­ылдайтын пункт, кейіннен бал­ық зауыты деп те атаған-ды. Он­да көшіп келген орыстар, кей­іннен келген қалмақтар да болды. Күні кешеге дейін біздер солардың қалғандарын көрдік қой. Әкем Дүй­сенбайұлы Саржан сол кездері 5-6 үйлі орысы бар, полягі бар адам­дармен дос болыпты. Олар біздің үйден ауық-ауық тамақтанып тұрады екен. Олардың 10 шақты иті болған, сол иттерімен атан түйеге мініп, қамыс-қопаны ара­лап жүріп шошқа аулайтынын шешем айтып отыратын.
Аманөткелде балықшылар ар­тель болып құрылып, қолдан қай­ық соғып, бірлесіп балық ау­лауға енді-енді бет бұрған кез бола­­тын. Киім де, тағамның түрі де тапшы. Міне, осындай қиын­шы­лыққа қарамастан өшпес ерлік көрсеткен Арал балықшылар­ының ішінде Аманөткел артелінің мүшелері де болған. Осылардың барлығын біз­дер құлағымызбен есітіп, шет-жебірін көзімізбен көрдік. Мысалы, ол кезде ешқан­дай транспорт жоқ, балықты бір жерден, бір жерге апару үшін керуен ұйымдасты­рыл­ады. Балық салатын қапты қам­ыс, қоғалардан дайындаған. Оны мар­дан қап деп атайды. Сыр бойын­дағы қазіргі мұғалімдер мен дәрі­герлер, ин­же­нерлер мен мәдениет қызметкерлері, құрылысшылар мен балықшылар, кешегі ауданның әр саласын бас­қарған қайраткер аза­маттар, солармен бірге Пар­ламентке сайланып, үкі­метке мүше бола жүріп, он жыл­дай Қазақ ССР-і балық шаруашы­лығы министрі, Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комитетінің мүш­есі, Қазастан Рес­публикасының өн­дірісіне еңбегі сіңген қайраткер, сондай-ақ Қаз­ақ­стан Үкіметінің делегациясын Вьетнам Социалис­тік Республи­ка­сына арнайы сапар­мен бастап бар­ып, бір айдай сол ел­ге қызмет жасап, Вьетнам Үкім­ет­інің орден­іне ие болып қайтқан, бұған қос­ым­ша түрлі тапсырма­ларды ор­ындай жүріп, елді ден­сау­лыққа пай­далы тағам - балық түрі­мен қам­тамасыз ету мақсатында әлем­дегі сегіз теңізді аралаған (Ар­ал, Каспий, Азов, Қаратеңіз, Бал­тық, Охот, Япон, Оңтүстік Қытай теңіз­дері) мен де, яғни бәрі-бәрі жет­піс күн, жетпіс түннің арпалысына қатыс­қан аталардың ұрпақтары­ екенімді мақтан етемін. Сон­дықтан да осы азаматтар­дың рухтарын сақтап, болашақ ұр­пақ­тарға тарихи ескерткіш есебін­де "Аралдың айтылмаған ақиқа­ты", "Толқынменен алысқан бал­ықшылар - арыстан" атты екі том­дық кітаптан басқа, "Суреттер сыр шертеді" деген тарихи мұражай аштырдым. Мұнда сонау 1921 жыл­дан бастап, күні кешеге дейін, бал­ық шаруашылығын, сол саланың мәдени, басқа да түрлерін басқар­ған қайраткерлердің өмір-тарихы қамтылған.
Осы жылы қазан айында Арал теңізінің балықшыларына Одақ халық комиссарлары кеңесінің төрағасы жолдаған хатына және де барлық қиыншылыққа қарамай, қазанның 15-нен бастап желтоқ­санның 25-не дейін жетпіс күн, жет­піс түн аралығында Қамысты­бас станциясынан 14 вагон сапалы түрде балық жіберуіне 100 жыл толуымен қатар, Аманөткел елді мекенінде де тұңғыш артель бір­лес­тігіне 100 толуын атап өтеміз деген ұйымдастыру комиссия­лар­ына шын жүректен алғысымды айтам. Бұл да осы жас ұрпаққа, тал­ғампаз жастарымызға "Осы жұрт Еділ патша Аттиланы біле ме екен" деп басталатын өлеңнің осы сөз­дері бала кезімнен есімде қалыпты.
Сол сияқты ХХ ғасырдың бас­ы­нан, Аманөткел өнірінде болған қазақтың біртуар азаматтарының өмір деректерін, тарихта алған ор­ындарын, күн демей, түн демей асау толқындармен алыса жүріп, елдің игілігін арттыруға өмірін бағыштаған балықшы қауымының ауыр еңбегін қандай қиын күн туса да болашаққа сеніммен қарап, тәр­биелі ұрпақ өсіргендерін көрсете білсе, бұл да болса олардын рух­тарының алдында бас иіп, жастар алдындағы борышымның өтеуі.
Мен де балықшы шаңырағында 1937 жылы күз айларында Аманөт­кел ауылдық кеңесінде, Қарамой­ын деген жерде дүниеге келіппін. Әкем Дүйсенбайұлы Саржан - балық шаруашылығының кәсіп­шісі, шешем Құлдыққызы Ұлмекен - үй шаруашылығында болған. Сол кездегі Аманөткел ауылдық кеңес­іне қарасты Ақшатау, Ақбұлақ, Шеңгелді, Қарамойын, Тыным түб­ек, Мырзас деген елді мекендер бір-біріне жақын, адамдары аралас, малдары қоралас жататын ауылдар еді. Осы естелікті туған жерімнің жүз жылдығына арнап жазғандағы мақсатым көзге көріну емес-ті. Бір­ақ әрі ойлап, бері ойлап келгенде, мен өзім Аманөткелден шыққан балықшының баласы бола тұрып, бүкіл саналы өмірімді еліміздің балық шаруашылығы саласына ар­нағасын, ел сенімін арқалағандық­тан, өнегелі өмір жолдарымды ұр­пақтарға бір-екі ауыз сөзбен көр­сете білу болатын. Қай кезде де ту­ған жерімді ешуақытта ұмытқан емеспін. "Туған жерім - алтын бесі­гім" деп түсіндім. 1970 жылдары Арал балық бірлестігінің бас дир­екторы болып тұрған кезімде еш­кімнен тайсалмай Аманөткелде то­ғанды балық шаруашылығын ұй­ымдастырдым. Мәскеуге дәлелдеп, айлықтарын 50 пайыз қостырған­мын және де Сырдарияның арғы бетінен Суық көлдің қасынан құс фермасын аштыртып, қасына алма, алмұрт ағаштарын ектіргенбіз. Сөйтіп, аманөткелдіктерге әжептәу­ір жұмыс орнын тауып беруге ық­пал жасалынған. Ал енді, 1983 жы­лы наурыз айынан бастап, Орта­лық Партия Комитетінің қаулы­сы­мен, тікелей Д.Қонаевтың нұсқау­ы­мен Қазақ ССР-і балық шаруашылығы министрі болып тағай­ын­далған­нан бастап бүкіл Қазақ­стан балық шаруашылығына жауап беретін бол­сақ та туған жерім Аманөт­келімді ұмытқан жоқпын. Мектеп, мәден­иет саласында, бас­қа да құрылыс­тар салынса халық "әй, бұл үкім­еттің салғаны ғой" дейді. Еш уақ­ытта үкімет Аман­өткелге, болмаса Бөгенге ана құр­ылысты, мына құр­ылысты салың­дар деп айтпайды. Құрылыс салу­дың алдында талай-талай азамат­тардың дер кезінде қойған ұсын­ыстары, тиісті орган­дар­да дәлел­деніп бекітілсе ғана үкімет қаражат бөледі. Бірақ та осы­лардың ізінде ерінбей бармаған жер, баспаған тау қалдырмай жүр­генде ғана тиісті обьекті салуға қол жеткізесің.
Сондайдың біріне мысал кел­тір­ейін: Аманөткелде құрылыс мекемесін ПМК-4 аштырту үшін бұл орын балықшылардың ортал­ығы шығысы жағынан - Шөмішкөл, Райым, Қызылжар, Қосжар деп, ал батыс жағынан Қаратерең, Бөген, Қарашалаң, солтүстік жағынан Ақ­еспе, Тастүбек, Мергенсай және де Қамбаш станциясынан жүк алуға да жақын 40 шақырымдай деп дәлелдегенмін.
Осындай қағазбен Алматыдан асып, Мәскеудегі Одақ министріне мәселені 1-2 жылдай ізінен қалмай, ақыры Одақ минис­тр­дің қолымен Аманөткелде ПМК-4 ашылсын деген қаулыны шығарт­тым. Бұған талай азаматтар қарсы да болды. Сон­­дай-ақ Алматыдағы басшы ор­ын­дарға ізінен қалмай жүріп дәлел­деп, Аманөткелдегі бұрынғы ағаш паромның орнына 22 бас тем­ір-қай­ық паромын салдырт­тық. Бұның қиындығы 22 бас тем­ір-қайыққа қаржылық темірді алған жоғарғы жақтан ұлықсат керек болды ғой.
Ал, енді осылардың барлығына еш жерде болмаған су жаңа техникалардың қаржысын сонау Мәскеу­ден алдырттық. Жоспарда болмаса да, өз күшімізбен жобасын жасатып, 20 үй, мек­теп, ауруха­на құрлыстарын салдырдық. Осы­лардың бар­лы­ғының жемісін Аманөткел елді мекенінің халқы бірдей көрді.
Сонымен елді мекеннің халқын толықтай жұмыспен қамтамасыз еттік. Бұл да болса менің туған жер­іме патриоттық борышым деп білемін. Осы жұмыстардың шын­дығына халық куә. Сонымен туған жеріме екі адам қамқоршы болса, мен бірімін. Ал біреу болса, онда да үлесім бар деп жүрген түлекпін.

Құдайберген Саржанов,
Мемлекет және қоғам қайраткері, экс-министр,
Қызылорда облысы мен
Арал ауданының құрметті азаматы.
30 қараша 2022 ж. 477 0