Қайырымдылық көмек көрсетті

Біз сөз еткен «Жанның нұры – қайырымдылық» атты іс-шараға ұйытқы болған аудандық прокуратура қаладағы 7 мүгедектігі бар отбасына барып, олардың жай-күйімен танысты. Танысып қана қойған жоқ, шаңырақтарына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік апарып, ерекше жандарға сый-сияпаттарын көрсетті.
Өз кезегінде аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Рысқали Маханов 3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күнін ескерусіз қалдырмай, қолдау көрсеткен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық прокуратура қызметкерлеріне риясыз пейілмен ризашылығын жеткізді.
Иә, жақсылық жасауға асыққан құрылымдардың ұдайы аудандағы жарқын істерге атсалысып жүретінін жан-тәнімен ұғынған зағип жандардың мұндай қолдауға алғыстан өзге айтарлары жоқ.
А. ҚАРЫМСАҚ