Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жан жылуын сезіндірген сәт

Жан жылуын сезіндірген сәт

Қайырымдылық – қазақтың қанына сіңген қасиет. Адамзат баласына тән осы бір асыл қасиет қазір де біздің санамыздан өше қойған жоқ. Оған көптеген дәлелдер де жоқ емес. Әсіресе қоғамның осал топтарына, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға көрсетіліп жатқан көмектер қаншама?! Міне, қазіргі қоғамда жүрек тебірентетін осындай ізгі амалдарға куә болып келе жатқанымыз жасырын емес.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық іс-шарасының өткенін білеміз. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Р.Махановтың ұйымдастыруымен өткен бұл шараның негізгі мақсаты – қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату. Іс-шара барысында 8 мүмкіндігі шектеулі жандардың шаңырағына барған жұмысшы топтың құрамында төрағадан өзге, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне қарасты «Балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Ермұратова және осы бөлімшенің әлеуметтік қызметкері А.Абдуллаева мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің әдіскері Е.Алданиязов болды.
Иә, қайырымдылық жасаудың сан түрлі амалы бар. Жүректі елжіретер шарада бұл жолы мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлік үлестіріліп, аудандық мүгедектер қоғамының Құттықтау ашық хаты берілді. Рамазан айы қарсаңында біз куә болған жақсы амалдардың бірі осы іс-шара болды.

А. АМАНОВ
16 сәуір 2022 ж. 395 0