Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік белесі: Егемендіктің алғашқы жылы ел есінде несімен қалды?!

Тәуелсіздік белесі: Егемендіктің алғашқы жылы ел есінде несімен қалды?!

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдің әлеуметтік жағдайы мәз болған жоқ. Өнеркәсіп және азық-түліктің тапшылығымен халқымыз бетпе-бет келді. Орталықтың үйлестіру қызметі әлсірегенен кейін басқа да қиыншылықтар туындады. Бұл күнен-күнге белең алып келе жатқан келеңсіз құбылыс еді. Бірақ бұған қарап тіршілік етіп, омір сүру тоқтап қалған жоқ. Аудан еңбеккерлерін жоспарлы түрде жұмыс істеуге, әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуды қамтамасыз етуге ұйымдастыра бастады.
1991 жылы өнеркәсіп және транспорт саласында еңбек ететін еңбеккерлер біршама табыстарға қол жеткізді. 3164 тонна балық ауданды. 667 мың тонна ас тұзы өндірілді. 19918 тонна ұн шығарылды. 58 мың дана балалар пальтосы тігіліп, 36 мың шаң сорғыш двигателі шығарылды. Осылайша тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауданның өнеркәсіп орындары 73557 мың сомның өнімін өндіреді.
Құрылыс мекемелері де материалдардың жетіспеуіне қарамастан 8839 мың сомның күрделі құрылыс қаржысын игереді. Қаржыландырудың барлық көзі есебінен жалпы көлемі 24032 шаршы метірді құрайтын тұрғын үй салынып пайдалануға берілген болатын.
Сол кездегі қиыншылыққа сәйкес халық тұтынатын таварлар өндіру, ақылы қызмет көрсету жұмыстары біртіндеп жолға қойылған болатын. Нәтижесінде ауданда 73572 мың соның халық тұтынатын таварлары өндіріліп, 1990 жылмен салыстырғанда 116,2 пайызға өсім болды.
Аудандағы сауда ұйымдары тарапынан халықты көкөніспен қамтамасыз етуде көптеген шаралар жүзеге асырылды. Нарықтық экономикадаға байланысты қымбатшылық және қиындыққа қарамастан картоп және басқа да өнімдер мүмкіндігінше әкелініп, халықтың игілігіне берілді. Оның үстіне ауданның ірі шаруашылықтары мен кәсіпорындары бақшалыққа бетбұрыс жасап, өз еңбеккерлерін көкөніспен қамтамасыз етуді қолға алды. Қаланың және Сыр беткейдің елді мекендерінің жеке қожалықтары да өз алдарына бақшалық егіп, игі істердің бастаушылары болды. 
Дегенмен кемшіліктің болғанын жасыра алмаймыз. Еңсесін енді ғана тіктей бастаған елде тавар жетіспеушілігі айқын сезілді. Халықтан өздерінен артылған мал өнімдерін сатып ау жолдары дұрыс қарастырымады. Соның салдарынан қожалықтардан ет, сүт өнімдерін сатып алу көрсеткіші бірден төмендеп кетті. Сонымен бірге ауа-райының қолайсыздығы, қуаңшылық жемшөп жайындауға көп кесірін тигізді. Сол жылы бар болғаны 37292 тонна шөп дайындалды. Соның салдарынан көршілес аудандар мен Торғай облысынан мал азын сатып алуға мәжбүр болды.
 Алайда мал шаруашылығымен айналысатын савхоздар мен колхоздар 22286 центнер ет және 14154 центнер сүт, шұбат және қымыз өндірді.
Міне, мұрағаттардан ауданның Тәуелсіздік алған алғашқы жылды осылай қортындылағаны туралы мәліметтер кездестірдік. Бір салада өсім байқалса, еді бір саланы кенжелеп жатты. 1991 жылды осылай түйіндеген аудан халқының алдында жаңа белес тұрды.

Н. Бақырадин
12 желтоқсан 2022 ж. 348 0