Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуілді кесуге тыйым салынады

Сексеуілді кесуге тыйым салынады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004жылғы 23 сәуірдегі №460-шы «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес сексеуіл бұталарын басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу 10жыл мерзімге тыйым салынған болатын.
2013 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1422-Д/815 санды қаулысымен жоғарыдағы Үкімет қаулысына өзгерістер енгізіліп, сексеуіл кесудің барлық түрлеріне 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салғандығын аудан тұрғындарына ескертеміз!
Егерде сексеуіл бұтасын рұқсатсыз сындырғандығы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007жылғы 31 мамырындағы «ҚР орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» №441 қаулысына сәйкес 1текше метр сексеуіл бұтасы үшін табиғатқа келтірілген залал мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 5 (бес) еселенген мөлшерінен өтеледі, яғни, АЕК 3063.00 х 5 есе ═15315.00, мысалға: ГАЗ-53 автокөлігінің қорабы 5м² деп есептесек, келген шығын 8655.00 х 5м²═43275.00теңге табиғатқа келтірілген залал өндіріледі.
Ескерілетін жағдай, орман және жануарлар дүниесін пайдалану тәртібін бұзған заңды, лауазымды және жеке тұлғалар әкімшілік болмаса қылмыстық жауапқа тартылу, тартылмауына қарамастан табиғатқа келтірілген залалдың материалдық шығын мөлшерін төлеуге міндетті.
Бұған қоса, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 283-бабына сәйкес «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені және зақымдағаны үшін «ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан қырыққа дейінге мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».
Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодекстеріне сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық жер иеленушілер өз жерлеріндегі орман қорларының қорғалуына, сақталуына жауапты болады және өнімдерін пайдалануды тиісті тәртіппен жүргізеді.
Біздің жазы ыстық, қысы суық Арал ауданымыздағы жазық даладағы құмды, желді, шаңды тоқтататын, топырақ қорғаныштық маңызы жоғары, жер асты тұзды суының көтерілуіне жол бермейтін сексеуіл өсімдігін келешек ұрпақ үшін сақтайық!
Манарбек Толеев,
Арал орман және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі КММ-ның орман шебері
13 желтоқсан 2022 ж. 648 0