Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Істі негізінен қарау барысында, тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.
Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға талап етіп отырған құрылыс заттарын бұзып алуына келісімін берген, ал талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Партисипативтік келісімге екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі