Елімізде байланыс операторларының тарифі арзандайды

«2018 жылы 23 қарашада министрлікте үлкен кеңес өткізіп, оған бүкіл операторды шақырдық. Байланыс операторлары өздері бастама көтерді. Яғни, әлеуметтік тариф жасауға мүмкіншілік бар», – дейді вице-министр.
Тұяқовтың сөзінше, «Қазақтелеком» бұл тарифті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізбек. Оның құны 3 499 теңгені құрайтын болады. Бұл алдыңғы тарифтен 5 пайызға арзан. Аталған топтамадағы Интернеттің жылдамдығы секундына 10 Мбитті құрайды. Сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша шектеусіз қоңырау шалуға болады.
«Транстелеком» компаниясы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 пайыз жеңілдік жасауды ұсынды. Жалпы, аталған оператордың тарифі өте төмен. Ауыл тұрғындарына 529, ал қалалықтарға 797 теңгені құрайды», – дейді Дарын Тұяқов.
Сондай-ақ, «Қазтранском» операторы байланысқа алғаш рет қосылған абоненттерге 50 пайыз, абонеттік төлемге 10 пайыз жеңілдік жасайтын болады. Оған қоса интернет төлемінің құнын 15 пайызға арзандату жоспарлануда.
Stan.kz