Сексеуілді шаппа, өз өміріңді сақта

Бұны неге айтып отырмыз? Себебі қазіргі уақытта сол табиғат байлығына қол сұғушылардың қатары көбейді. Мәселен, қорғауды қажет ететін сексеуіл өсімдігін заңсыз сындырып, оны отындыққа жаратуды көздейтін тұлғалар кездесіп жатады. "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктің бұл түрін алуға 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынған. Бір қызығы, біз айтып отырған сексеуіл өсімдігінің бір түбі 4 тонна құмды ұстауға қауқарлы екен. Қазіргі таңда тартылған теңіз табанын құм басып, аймақтағы экологиялық ахуалдың тұрақсыз болып тұрғаны белгілі. Мұндайда құм көшкінін болдырмай, табиғатқа ерекше сән берген сексеуіл өсімдігінің біздің аймағымызға аса қажет екені айтпаса да түсінікті шығар. Одан бөлек ұшқан құс, жүгірген аңға да пана болатын да осы сексеуіл өсімдіктері. Сондықтан адамзат өмірінің ажырамас бөлігі, Жер-Ананың байлығы саналған бұл өсімдікті мейлінше қорғап, тіршілігіне балта шаппағанымыз абзал.
Иә, орман сізге де, бізге де пана. Ол тіпті мемлекет мүлкі ретінде арнайы заңмен қорғалады. Сондықтан мемлекеттің мүлкіне рұқсатсыз қол сұғу қылмыс болып табылса, тыйым салынған өсімдіктерге балта шабу да өз өміріңізге балта шабумен бірдей екенін ұмытпағайсыз, оқырман.
И.ӨТЕБАЕВ,
Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік КММ орманшы, инспектор
Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік КММ орманшы, инспектор