Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ

Қазгидромет мереке және демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды."Республиканың батыс облыстарында қар жаудырған циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығысады. Осы циклонның Қазақстан аумағы арқылы жылжуына байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, екпінді жел соғады, ал көктайғақ және тұман республиканың басым облыстарында сақталады", — деп хабарлайды синоптиктер. 
Болжанып отырған кезеңнің соңында тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуы және антициклонның ығысуына байланысты республиканың басым облысында күн суытады.

/sputniknews.kz/
14 желтоқсан 2018 ж. 650 0