Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күн күрт суытады

Елімізде күн күрт суытады

Қазақстандық синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің барлық аумағында қар жауады.

«Республика аумағында боран, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда жауын-шашынның біртіндеп тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді», делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамына сәйкес термометрлердің бағандары:

батыста, орталықта -20 дейін...-28°С;
солтүстік-батыста, солтүстікте -25 дейін...-33°С;
шығыста -5 дейін...-13°С;
оңтүстікте -0-ге дейін...-10°С дейін төмендейді.
06 қаңтар 2023 ж. 324 0