Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында сауда үйін тонаған жасөспірім ұсталды

Қызылорда облысында сауда үйін тонаған жасөспірім ұсталды

Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 қаңтарда сағат 15:00-де Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-нің 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

"Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Фото: egemen.kz
08 қаңтар 2023 ж. 299 0