Жылдық нәтиже мен алдағы жоспар талқыланды

2022 жылы №4 ҮББ іске асыру нәтижесінде облыстық әкімдікке қарасты 17 басқармамен оларға бағынысты 25 квазимемлекеттік мекемелерімен өз қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу нәтижесінде 350 тәуекелдер анықталып, оларды жою шаралары қабылданды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мен квазимемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Мәжіліс барысында, Департамент басшысының бірініші орынбасары А.Ашиков №4 ҮББ-ның жобалар тобының негізгі түйінділеріне тоқталып, оны іске асыру бойынша қол жеткізілетін индикаторлардың талаптарын, ерекше мән аударытын жағдайлары мен іске асыру сапалығына қатысты түсіндірмелер жасады.
Бұл жұмыс 2022 жылы облыстық деңгейде іске асырылса, осы жылдан бастап қалалық және аудандық деңгейлерде қамтылатынын атап өтті.
Осы орайда, бұл бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдарға консультациялық көмек көрсету және өзазара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Департаментте арнайы қызметкер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар) бөлінгенін жеткізді.
Жиын соңында А.Ашиков Агенттікпен №4 ҮББ-ның жобаларын іске асыру бойынша тоқсан сайын бағалау жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдардың тиісті рейтінгі жасалатынын ескерте отырып, бұл жұмысты жүзеге асыруда жоғары жауапкершілік танытуға шақырды.
www.gov.kz