Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік шалудан қалай қорғанамыз?

Үсік шалудан қалай қорғанамыз?

Денсаулық сақтау министрлігі адамдарға үсік шалған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үсік шалған адамды ең алдымен жылыту үшін жылы үйге әкеліп, ыстық шай немесе сүт беру керек. Зақымданған аяқ-қолдарын жылы жапқышпен ораған абзал.

Министрліктің хабарламасында үсік шалу шамалы болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болатыны, егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Бірақ терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүмкін екені айтылған.

Сондай-ақ осындай жағдайға тап болғанда науқасты тезірек ауруханаға жеткізуге кеңес береді.

Астанада аязды күндер шамамен ай соңына дейін жалғасбақ. Сондықтан Астана қаласының әкімдігі де аязды күні үйде болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
11 қаңтар 2023 ж. 240 0