Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 25-27 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік және шығыс өңірлерде үсік жүреді. "Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33 градусқа көтерілетін болса, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғал және суық ауа массаларының келуімен байланысты, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді", - деді "Қазгидромет" мамандары.
https://kaz.tengrinews.kz
24 мамыр 2019 ж. 738 0