Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағзаға йод жетіспейтінін қалай білуге болады?

Ағзаға йод жетіспейтінін қалай білуге болады?

Қалқанша без патологиясы таралуы бойынша әлемде қант диабетінен кейінгі екінші орынды алады. Ағзаға йодтың жетіспеуі қалқанша безді "өлтіреді". Ең қауіптісі, бұл элементтің жетіспеушілігін ерте түсіну қиын. Бірақ ағзада йод жетіспеушілігін болжауға болатын белгілер бар. Алайда өздігінше үйден емделмеңіз. Нақты диагнозды тек дәрігер қоя алады.

Йод тек қалқанша бездің жұмысына қатыспайды. Сондай-ақ ол жасушалардың қалыпты тыныс алуына, өсуіне және натрий мен гормондардың тасымалдауына қажет. Бұл процестер бұзылса, проблемалар ағзаның барлық жүйесінде туындайды.

Маңызды микроэлементтің жетіспеушілігін денсаулыққа қатысты асқынулар пайда болғанға дейін мына белгілерге қарап анықтауға болады:

- Салмақ қосу;
- Ісіну;
- Кетпейтін шаршаңқылық сезімі;
- Депрессиялық жағдай, нашар көңіл күй, жабырқаңқылық;
- Есте сақтау мен зейін қоюдың нашарлауы;
- Етеккір циклінің бұзылуы;
- Құлақта шудың пайда болуы, бас айналу, терінің бозаруы.

Тіпті, ештеңе мазаламаса да, аурудың алдын алу үшін жүйелі түрде эндокринолог дәрігерге қаралған артық етпейді. Өздігінше дәріханадан йод алып ішуге болмайды. Себебі йодтың жетіспеуі секілді оның көп болуы да ағзаға зиян.

massaget.kz
15 қаңтар 2023 ж. 377 0