Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман күтіледі.