Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 - 29 қаңтар аралығына арналған жұлдыз жорамал

23 - 29 қаңтар аралығына арналған жұлдыз жорамал

Апта бойы Арыстандағы Қара Ай Суқұйғыштағы Күнге қарсы тұрады: көпшілік адам басқалардың көзінше жақсы көрінгісі және өзінің артықшылығын дәлелдегісі келеді. Бұл жағымпаздық, атаққұмарлық, түрлі ойындар кезеңі.Бұл апта ұзақмерзімді келісімдер жасауға және кез келген әлеуметтік байланыстар орнатуға қолайлы. Шаруаларды кейінге қалдырмаңыз. Алдыңыздан кедергілер шықса да, табандылық көрсетіңіз. Бастысы, Қара Айдың жағымсыз әсері жайлы ұмытпай, қырағылық танытыңыз.

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Бұл жетістіктер аптасы. Барлық әрекеттеріңіз өз жемісін беруі мүмкін. Жоғары нәтижеге жету үшін барлық энергияңызды, жиналған тәжірибе мен біліміңізді қолданыңыз. Өткен жылдағы материалдық, қаржылық қорытындыларға аса мән беріңіз. Мұқият болыңыз және ештеңені назардан тыс қалдырмаңыз. Айналадығаларға қандай әсер қалдыратыныңыз да маңызды.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Имиджіңіз сіз қалаған деңгейге сәйкес келуі үшін қымбат көлік немесе қымбат костюм алғыңыз келуі мүмкін. Алдыңыздан шыққан кез келген проблемадан мүмкіндік және құнды тәжірибе көзін көруге тырысыңыз. Өзіңізге сенімді болыңыз, қазір сіз үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Бұл апта - өзінше бір емтихан. Көп нәрсе сіздің жеке психологиялық күшіңізге және басқа адамдарды өз жағыңызға тарта білу қабілетіңізге байланысты болмақ.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Бар күш-жігеріңізді аямаңыз, барлық қолжетімді құралды қолданыңыз және жұмысыңыз үшін ең жоғары баға алуға тырысыңыз. Кішігірім шығындар немесе күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ күмән мен қорқынышқа берілмеңіз. Байсалдылық танытыңыз, шығындарды жақын арада өтей аласыз. Алда өміріңіздің шешуші кезеңі басталатынын түсіну маңызды, сондықтан барлық күшіңізді алатын және оның орнына ештеңе бермейтін барлық істер мен қарым-қатынастардан арылуға тырысыңыз.
 

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Өз идеалдарыңызды және неге қол жеткізгіңіз келетінін елестетіңіз, бастамалар үшін барлық шығармашылық қабілетіңізді жұмылдырыңыз. 2023 жылдың көктемінде жетістіктеріңіздің алғашқы нәтижелерін қорытындылай аласыз. Бұл өміріңіздегі маңызды апта және қазір бастаған ісіңіз өткен жылдардағы барлық тәжірибемен және ресурстармен расталады. Жаңа бизнесті бастаңыз немесе басқа ауқымды жобаны қолға алыңыз. Табысқа сеніңіз және басқаларға ықпалыңызды толық пайдаланыңыз.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Бұл апта салыстырмалы түрде тыныш болмақ. Дегенмен, жақын арада қолыңызда күш, қаражат және ықпал сіз қалағандай көп болмайтынын ескерген жөн. Қазір сізге барлық күш пен ықпал қолжетімді болғанына қарамастан, ымыраға келу және күшті одақтастарды өз жағыңызға тарту тиімдірек. Алда оның сізге пайдасы тиері анық.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

Аздап демалып, жаңа кәсіби циклге дайындалыңыз. Күш жинаңыз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, өйткені келесі айда оған уақыт болмайды. Келесі аптадан бастап 2022 жылы жоспарлаған барлық нәрсені орындауды бастауға жағдайлар жасалады. Ал осы аптада жылдамдықты бәсеңдетіп, жан-жағыңызға мән беріңіз: шынымен маңызды нәрсені шетте қалдырмау, қолдаусыз қалмау.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Жұмыс тұрғысынан өнімді уақыт емес. Бірақ басқалармен араласып, ойыңызға түрлі идеялар келеді. Бұл сізді алдағы көптеген айда энергиямен және ынта-жігермен қамтамасыз етеді. Әріптестер мен серіктестерге алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды түсіндіру жақсы идея, себебі сіздің сөздеріңіз сенімдірек естіледі. Сонымен қатар, егер қазір жауапкершілікті арттырсаңыз, жақын арада мансап бойынша бір-екі сатыға көтерілу мүмкіндігіне ие боласыз.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Тауларды қопаратындай қуат шыңына жетесіз.  Басқалар сіздің жетістіктеріңізді бірден бағалай қоймайды. Бұл аптада өмірдің әртүрлі салаларында көптеген өзгерістер, сапарлар және көптеген істер болады.  Сенімді, берік және кейін көптеген жыл бойы сізге қолдау көрсететін нәрсені жасауға мүмкіндігіңіз бар. Бұл өз бизнесіңізді жарнамалауға, ойын-сауық пен саяхатқа ақша салуға және басқа адамдардың қаржылық ресурстарын тартуға қолайлы уақыт.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Бұл апта іссапарларға, біліктілікті арттыру немесе мамандық бойынша курстар мен семинарларға баруға қолайлы. Болашаққа арналған жоспарларыңыздың өзгеретініне дайын болыңыз. Икемді болыңыз, жаңа жағдайларға бейімделуді үйреніңіз, олар қандай болса да, бос жанжалдарға уақытыңыз бен жүйкеңізді құртпаңыз.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Жобаңыздың әлсіз тұстары анықталуы мүмкін. Оларды жылдам жою керек және барлығын қайта тексеру керек. Ұжымның пікірін назардан тыс қалдырмаңыз, оларды қолдайтын қадамдар жасаңыз. Сіздің жұмысыңызға шынайы қызығушылық танытатын және танымал болуға көмектесетін қауымдастық ұйымдастыруға тырысыңыз. Ішкі күмәннан арылыңыз, сенімді түрде алға жылжыңыз. Бұл демалатын уақыт емес: дәл қазір әрекет етіп, нәтижеге қол жеткізіңіз.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Бұл аптада сіз беделіңіз бен жағдайға әсер ету қабілетіңіздің шыңына жетесіз, сондықтан сізге артылған сенімді ақтауға тырысыңыз. Көшбасшылық рөлді және ауқымды жауапты тапсырмаларды өз мойныңызға алудан тартынбаңыз, қаржыны шебер басқарыңыз. Сізге сынақ ретінде өте қиын тапсырма ұсынылуы мүмкін. Өзіңіздің қанша жұмыс атқаратыныңыз емес, оны басқа адамдармен қаншалықты сәтті ұйымдастыра алатыныңыз маңызды.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Сізді көптеген жаңа және қызықты нәрселер күтіп тұр. Энергияңызды мақсатқа жетуге бағыттаңыз. Ал келесі айда еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жалқаулық пен баяулыққа жол бермеңіз. Басқа адамдармен ынтымақтастықта болу маңызды.

massaget.kz
Фото: didar-gazeti.kz
23 қаңтар 2023 ж. 286 0