Алдағы күндері аяз күшейеді

«Облыста қыс мезгілі соңғы 10 жылмен салыстырғанда өте суық өтуде. Биыл тіркелген ең төменгі температура көрсеткіші -30 градусты көрсетті. Жалпы желтоқсан айында бізде орташа ауа температурасы -6-12 градусты көрсетіп, жауын-шашын мөлшері шамадан аз түсті. Ал қаңтар айында орташа температура -5-8 градусты көрсетуде. Дегенмен, желдің күшеюі әсерінен ауа темпаратурасы біршама төмендеді. Айдың соңына қарай аяз күшейіп, желдің екпіні жоғарылайды. Алайда ақпан айының басында күн жылынып, ауа темпаратурасы +5+10 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ ай ортасында өңірде қалың қар жауып, күн райы күрт сууы ықтимал. Жалпы әлемдік климаттың өзгеруі салдарынан облыстың ауа райы да жылдан-жылға өзгеруде. Яғни қысы суық, жазы өте ыстық өтуде, - деді Әйгерім Болатбекқызы.
kyzylorda-news.kz
Фото: khabar.kz