27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Жұма күні еліміздің кей жерлерінде бұрқасын болып, қар жауады. Кей аймақтарда тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек елдің солтүстік өңірлеріне суық циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте – тұман түседі.
kyzylorda-news.kz
Фото: tolqyn.kz










