Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Жүйелі жұмыстар атқарылды

«AMANAT»: Жүйелі жұмыстар атқарылды

Президентіміздің қоғамдық тірегі мен елдегі басты саяси күш ретінде небір тарихи кезеңді бастан өткеріп келе жатқан «AMANAT» партиясы ел алдында өзіне үлкен міндеттер жүктеп, оларды жүзеге асыруға жұмыс жасап келеді.

Атауын ғана емес барлық қызметін толық трансформациялаудан өткізген саяси ұйымның облыстағы филиалы да алға қойылған міндеттерді белсенді іске асыруда.

Әрине, ең бір кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі ол тұрғындармен үйлесімді байланыс орнатып, олардың өтініш тілектерінің шешілуіне ықпал ету. Осы орайда партия айнасы болып табылатын қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2021-2022 жылдары азаматтардан 8005 өтініш келіп түсіп, оның 64% оң шешілді. 2803 мәселе бойынша нақты кеңестер берілді.

Сонымен бірге қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа көшіп, қызмет көрсетуге бағытталған тәсілдер енгізілді. Атап айтсақ, партия филиалы жанынан түрлі сала өкілдерін қамтитын мобильді топтар құрылып, қабылдау жұмыстары шалғай елді мекендерде жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде шалғай елді мекендерде 35 мобильді қабылдаулар өтіп, Оның 2-не республикалық мобильді топ өкілдері қатысты. Қабылдаулар барысында 579 өтініш тіркеліп, 307-оң шешілді, 235 өтініш иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Партияның ядросы болып табылатын бастауыш ұйымдар жұмысы жетілдірілуде. Қоғамдық қабылдау қызметімен тұрғындарды кеңінен қамту мақсатында 500-ден жоғары партия мүшелері бар ірі 10 бастауыш ұйым базасында қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. Биылтырдан бастап партиялық жарнаның 20 пайызы бастауыш ұйымдардың партиялық жобаларды жүзеге асыруына қайтарылып, олардың белсенді жұмыс жасауларына септігін тигізуде.

Партия филиалдары жанындағы қоғамдық кеңестердің саны мен құрамы жаңарып, отырыстар ашық форматқа көшті. Есепті кезеңде қоғамдық кеңестердің 585 отырысы өтіп, оларда көтерілген проблеммалық мәселелерді шешу мен алдын алу жөнінде кеңестер шешімімен 1639 түрлі бағыттағы ұсыныстар тиісті органдардың назарына ұсынылды. Кеңестердің отырысында Жол карталарының орындалмау қаупі бар шараларына да ерекше басымдық берілді. Осындай жұмыстар нәтижесінде Сайлауалды бағдарламаның есепті мерзімде 97 пайызы орындалды.

Партиялық бақылау комиссияларымен әлеуметтік нысандар құрылысы мен қоғамда резонанс тудырған мәселелерге 258 мониторинг жұмыстары жүргізілді. Қазір комиссия өз қызметінде шұғыл әрекет ету жұмыстарын басшылыққа алуда.

Әрбір нысаналы топтарды қамтитын партиялық жобалар аясында да тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде тұрғындар үшін тиімді де өзекті жоба «Жер аманаты» жобасы шеңберінде заңсыз немесе пайдаланылмай бос жатқан 157 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Алда бұл жерлердің интерактивті картасы дайындалып, заң аясында әділетті түрде мақсатты пайдаланушыларға беру жұмыстары жүріп жатыр.

Ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыруға бағытталған Үкімет пен партияның «Ауыл аманаты» ортақ жобасы аясында 142 ауыл әкімі мен жоба жұмысын үйлестіретін партияның аумақтық 11 Атқарушы хатшылары арнайы оқудан өтті. Облыстың 15 ауылында тұрғындарға жобаны таныстыру мақсатында семинарлар өткізді. Бұл жоба ауылдағы ағайынның кәсіппен айналып, тұрмысын арттыруына бағытталып отыр.

Жалпы бұл партия филиалымен атқарылған жұмыстардың бір ғана бөлігі. Негізгі жұмыстар аймақтық және аумақтық партия филиалының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары мен БАҚ беттерінен кеңінен танысып отыруға болады.

kyzylorda-news.kz
01 ақпан 2023 ж. 250 0