Шетелдік көліктерді заңдастыру жұмысына мониторинг жүргізілді

Бүгінгі күнге Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» мемлекеттік қызметі бойынша 3 мыңға жуық азамат өтініш беріп, 1000-ға жуық көлік иелері шетелден әкелген көліктерін заңдастырған. Департаменттің қызметкерлерімен шетелдік көліктерді біржолғы заңдастыру жұмыстарының барысына мониторинг жүргізілді.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет алушылар құжаттарын электронды түрде тапсыру үшін қосымша 14 дербес компьютер орнатылған. Сонымен қатар орталықта көліктерді заңдастыру бойынша облыстық салық және әкімшілік полиция департаменттерінің мамандарымен кеңестер берілуде.
Айта кету керек, шетелдік есепке алынған автокөліктерді заңдастыру – бір реттік акция, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатын болады.
Еске сала кетейік, алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңгені құрайды.

Фото: qamshy.kz