Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының - 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелген.
11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус КВИ+) - 1 508, пневмония (КВИ-) - 162 адам емделіп, оның ішінде 137 науқас стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Фото: el.kz