Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

- балаларға от ойыншық емес, ол тамақ пісіріп, жылу беретін құрал екенін, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатыны туралы үйретіңіздер;
- балаларыңыздан сіріңке мен тұтандырғышты әперіп жіберуін сұрамаңыз, балалар үлкендерге қарап, олардың ісін қайталайтынын ұмытпаңыз;
- кішкентай балаларыңызды олардың тауып алған сіріңкелері мен тұтандырғыштарын сіздерге қайтарып беруіне үйретіңіз әрі мұндай жауаптылық көрсеткені үшін оларды мақтап қою қажет;
- отпен ойнау салдарынан болған оқиғаларды назардан тыс қалдырмаңыз, атап айтқанда күйген киім, қалталарында жүрген сіріңкелер мен тұтандырғыштар;
- балаларды үнемі қадағалау қажет, оларды тіпті аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға тырысыңыз;
- балалардың бос уақытын қызықты өткізуін ұйымдастырыңыз.
«Жаман айтпай жақсы жоқ» - дегендей, өрт болған жағдайда балаларды дұрыс әрекет етуге баулыңыз:
- өрттің шығуын немесе жану белгілерін байқаған кезде бүлдіршін ересектерге немесе «101», «112» өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмерлеріне хабарлауы және тез арада бөлмеден, үйден шығып кетуі керек екендігін;
- тиым салынған тартымды келеді, сондықтан «Болмайды!» дегеннен гөрі, бір қорап сіріңкенің салдарынан келетін қауіпті түсіндірген пайдалы.
Бұл кеңестерді әрбір ата-ана жадында сақтағаны абзал. Себебі тек қана өз балаларымызға деген үлкен қамқорлықпен ғана, біз балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттердің алдын алып, өз үйімізді мүлкімізді және ең бастысы – бүлдіршіндеріміздің өмірін сақтап қаламыз!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі